Бүгін ақмолалық имамдар мен молдалар Қазақстан мұсылмандар діни басқармасынан келген арнайы сараптама комиссиясына сынақ тапсыра бастады. Діни басқарманың сараптама комиссиясының жетекшісі, ҚМДБ-ның дін істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Бекбосынұлы жергілікті ақпарат құралдарына берген сұхбатында бұл шараның маңызды екенін атап көрсетті.
– Қазір жұртшылық арасында имамдардың білімі төмен деген әңгіме жиі айтылады. Біз алдымен оңтүстік, батыс өңірлерде сараптама өткіздік. Бірақ жұрт айтып жүргендей имамдардың білімі өте төмен деген сөз қисынға келмейді. Әрине, кадрлардың тапшылығы бар, бірақ имамдар мен молдалар қатары жоғары білімді мамандармен де толығып келе жатқанын айқан ләзім,- деді Камалжан Бекбосынұлы.
Жалпы, осы сараптама аясында Ақмола облысы бойынша барлығы жүзден аса имам-молдалар сараптамадан өтпекші. Ең бастысы, бұл сараптамадан кейін имамдардың біліктілігі анықталып, әркім өзінің біліміне сай қызметінде жоғарылай алады. Бірақ, сынақты нашар тапсырғандардың имамдық қызметінің төмендеуі мүмкін екенін де жоққа шығаруға болмайды.
Билет түріндегі бұл сынақты тапсыратындарға сегіз сұрақ қойылады. Онда құран, сүннет және қазіргі зайырлы қоғам, мемлекет істер, еңбек заңы және тағы басқалары көрініс табады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.01.2015
3642
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру