Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлының басшылық етуімен қала аудан имамдарына жиналыс болып өтті.
Өткен жыл аймақтағы мешіт имамдары мен дін қызметкерлері үшін жемісті болды. Аймағымызда атқарылған шәкірт дайындау, діни мерекелерді тиісті деңгейде ұйымдастыру және басқа да тындырылған жұмыстар аз емес.
Бұл басқосуда үстіміздегі жылы жүзеге атқарылатын жұмыс жоспарлары айқындалды. Осы арада сөзіміз нақты болу үшін соның бірқатарына тоқтала кетелік.
Мәселен, үстіміздегі жыл Семей аймағының барлық мешіттердің жанындағы сауат ашу курстары барынша жандандыру. Оған жауапты адамдар бекітіліп, әр апта сайын есеп беріп тұруын жеткізді. Сондай-ақ имамдар қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырып, көмекке мұқтаж жандарға тұрақты түрде қол ұшын беру ізгі мақсаттағы жұмыстар жалғасын таба беру керектігін баса айтты.
Сонымен қатар имамдардың алдында тұрған үлкен ауқымды міндет яғни ислам дініне зардабын тигізетін теріс ағымдардың алдын алу, экстремизмге тосқауыл қою секілді маңызды жұмыстарды атқару жайы да нақтыланды.
Діни медреселер мен Нұр-Мубарак ислам мәдениеті университетіне қала аудандардан талапты шәкірттер дайындау керектігін айтты.
Көпшілікке мәлім, халықпен жұмыс істеу де имамдардан біліктілікті, жоғары мәдениетті, іскерлікті қажет ететіндігі даусыз. Сондықтан әрбір мешіттерге келіп түскен азаматтардың хаттарына мүмкіндігінше толыққанды жауап беру басты назарда ұстау керектігін ескертті.
Қазіргі таңда имамдар еліміздің Бас мүфтиі талап етіп отырғандай, әдеп пен парасаттылықты жоғары қойып, қалың жұртшылықты имандылыққа, ізгілікке баулу мақсатында ай сайын ғибратқа толы мақала жазу да жүктелді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші осы жылы Алла қаласа белсенділікпен қызметімізді өз деңгейінде атқаратын болсақ, Алла мен еліміз үшін пайдалы іс істеген болып табыламыз деді өкіл имам сөз соңында. Жиналған имамдарға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмалары беріліп, ерінбей еңбек етуге шақырды.
Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.01.2015
3135
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру