Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Теректі ауданында мәуліт өтті

19.01.2015 3280 0 пікір

Батыс Қазақстан облысы, Теректі аудандық мәдениет үйінде мәуліт кеші  аталып өтті.

Айтулы мерекеге  елдің ардақты азаматтары, ақсақалды аталар мен ақ жаулықты әжелер, иманды жастар қатысты.

Рунани кеште Орал орталық мешітінің бас имамы Руслан қажы Сұлтанов арнайы қатысып, жиылған қауымды ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жеткізіп, ұлық мейраммен құттықтады.

Алдымен қасиетті құран оқылып, ұлық мерекеде Орал медресесінің ұстазы Мұхаммед Наги Шушан  мәуліт жайында уағыз айтып,  Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың салиқалы өмірінен шертті.

Сахна төріне Теректі ауданының әкімі  Жеңіс Серікқалиұлы шығып, жиылған қауымға ақ тілегін жеткізді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы  Дінбасымыздың қолдауымен жарыққа шыққан " Дін мен дәстүр" кітабын аудан әкіміне сыйға тартты.

Мәуліт мерекесінде аудандық мешітінің бас имамы Халықбек Сыдықов сөз алып, ұлық мерекемен құттықтап, рухани шараға атсалысқан аудан әкіміне,

Бұл шарада сахналық көріністер ойналып, әсем әуендер  айтылып жиылған жамағатқа қуанышты сәттер сыйлап, ақ дастархан жайылды.       

 Нұрлан Саматұлы,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру