Таң сәріден лек-легімен Ақтаудағы Ж.Жантөрин атындағы драма театрына қарай ағылған халықтың жүзінен әлемдерге рахым етіліп қана жіберілген хақ Елшіге (с.а.у) деген сағыныштың табын жазбай танисыз.
Бұл мереке адамзаттың асыл тәжі болған Хақ Елшісіне (с.а.у) деген ерекше сүйіспеншіліктен туындағаны хақ. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у) дүние есігін ашуымен адамзат өмірге жаңа келгендей жанданып, тас жүректер Жаратқан Жаббар Хақтың нұры арқылы ақиқаттың кәусар бұлағымен сусындап, қайта тірілді.
Осындай толғанысқа толы шындықты шара барысында беташар сөз сөйлеген облыстың бас имамы Смайыл Сейтбеков тәңірлік тәрбиені паш еткен ғаламның рахым Нұрының (с.а.у) мейірімділігін жеткізіп, момын мұсылмандардың жүректерін жібітті.
Пайғамбарымыздың туылған күніне арналған мәуліт мерекесінде үмітті тілек ақталғандай болды. Әрбір жүректерде Аллаға деген махаббатың оты жанып, ардақты Елшіге (с.а.у) деген сағыныш еселей артып, хақиқи үндеулері жүректің төріне шықты.
Рухани кеште өлкенің танымал әншілері діни әндерін тарту етіп, белгілі айтыскер ақындары асыл дініміз жайлы дәстүрлі термелер орындап, Пайғамбарымызға салауаттар айтты. Сондай-ақ, театр әртістері тағылымы терең қойылымдарын ұсынды.
Мәңгілік бақытқа жетектеген қос дүние сардарының (с.а.у) туылған айының құрметіне арналған мәуліт мерекесі сауапты, әрі өскелең ұрпаққа үлгілі іс болды.
Әлібек Өтенбаев,
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.01.2015
3280
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру