Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Мәуліт мерекесі аталып өтті. Екі дүние сұлтаны Мұхамед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың туылған айына орай ұйымдастырылған игі шара екі дүние сұлтанының өнегелі өмірі жайлы кеңінен мағлұмат беріп, сүннеттерін жаңғыртуға бағытталды.
Құлшылық ордасына келген жандарға Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүйікті жемісі құрма мен Оның ғибратты ғұмыры мен өнеге-тәлімі туралы жазылған парақшалар таратылды. Жиналған жамағатқа ҚМДБ-ның төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) парасатты ғұмыры» тақырыбында уағыз оқыды. Адамзаттың асыл тәжі Мұхамед Мұстафаның (с.ғ.с.) кейінгі ұрпаққа салып кеткен сара жолы мен сүннеттеріне, қалдырған өнегесі мен үлгісіне үндеген Бас имам уағызы барлығына ой салып, жүректерін нұрландыра түсті.
Ғибратты уағыздан соң «Әзірет Сұлтан» мешітіне жиналған 10 000-ға жуық жамағатпен бірге Мәліт жыры оқылып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтылды.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.01.2015
3568
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру