Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жезқазған қаласындағы Мәуліт мерекесі (ФОТО)

19.01.2015 3733 0 пікір

Қасиетті жұма күні Жезқазған қаласы «С.Қожамқұлов» атындағы қазақ сазды-драма театрында адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) туылған айы Мәуліт мерекесіне арналған рухани кеш өтті.

Мешітіміз қаланың сыртында орналасқандықтан Жұма намазынан кейін екі автобус жамағатқа тегін қызмет етіп, рухани кешке жеткізіп салды.

Мәуліт мересіне арналған рухани кешті «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы мешітінің азаншысы Досумбаев Ержігіт  Құран аяттарын оқумен ашты. Содан соң мерекелік кешке арнайы шақыртылған қонағымыз Жезқазған қаласының әкімінің орынбасары Нұржан Орынбаев  және қалалық мәслихат депутаттарының атынан Бекзат Қомарұлы Алтынбеков жиылған халықты Қасиетті Мәуліт меркесімен құттықтады. ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша Өкіл имамы, «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы мешітінің бас имамы Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) қайырымдылығы мен жасаған ғибадат амалдары жайлы уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар рухани кеште сахналық және поэзиялық қойылымдар қойылып, діни әндер мен күй, термелер орындалды.  Мәуліт меркесіне келген көрермендер саны жылдан-жылға көбейіп, биылғы жылы театр залы лық толды. «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы  мешітінің имамдары мен шәкірттері Пайғамбарымыз (с.ғ.с) құрметіне мәуліт оқығаннан кейін рухани кешті әнші Мақсат Қанат «Аллаға мадақ» әнінмен аяқтады. Жиналған қала жұртшылығы рухани кештен үлен ғибрат алып, тарқады. 

«Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру