Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Биылғы жылдың алғашқы сұхбаты

19.01.2015 2904 0 пікір

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы Атырау облыстық «Қазақстан-Атырау» телеарнасының студия қонағы болып, тікелей эфирден шығатын «Иман нұры» бағдарламасына қатысты. Бағдарлама тақырыбы ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) дүниеге келген «Мәуліт» айына арналды.

Өкіл имам Батыржан қажы Берденұлы аталған айдың қадір-қасиеті мен салауат айтудың мән-маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, сауапты амалдарды арттырып, халыққа, кейінгі ұрпаққа пайғамбар өмірін және тәлім-тәрбиесін үйрету қажеттігін атады.

Сонымен қатар, қаңтар айының 16-жұлдызында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы Атырау облыстық "Қазақстан-Атырау»  радиосынан діни бағыттағы «Жұмадағы тілдесу» бағдарламасының студиясында  «Тәлімі мол мәуліт айы» деген тақырыпта сұхбат берді.     

Аталған қос бағдарлама барысында бас имам Батыржан Берденұлы теледидар көрермендері мен радио тыңдармандарына діни-танымын арттырар өзекті мәселелерден сөз шертіп, тікелей қоңырау арқылы түскен сауалдарға тұщымды жауаптар қайырды.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру