Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Орбита» мешітінде мәуліт аталып өтті

19.01.2015 3298 0 пікір

Қасиетті жұма күні Алматы қаласы Бостандық ауданының орталық «Орбита» мешіті екі дүние шам-шырағы болған пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) туған күні – мәуліт мерекесін атап өтті.

Жұма намазында жамағат Алла елшісіне салауаттар айтты. Бас имам Асан Тілеубердиев Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі туралы уағыз-насихат айтып: «Екі дүние Сардары, адамзаттың асыл тәжі болған, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) туылған айы «Мәуліт» мерекесімен араға жыл салып қайта қауышудамыз. Осынау мәуліт айында салауатты көбірек айтуымыз Пайғамбарымызға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) көрсеткен құрметіміз болып саналары сөзсіз. Алла Тағала осынау қасиетті айда өзінің сүйікті құлы әрі елшісі Мұхаммедті (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) көбірек танып, Оған көбірек салауат айтуды нәсіп еткей!»,-деп бата жасады. Жұма намазынан кейін қонақтар мен мешіт жамағатына ас берілді.

«Орбита» мешітінің баспасөз қызмет



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру