Бірнеше ғасырлардан бері тойланып келетін Мәуліт айы да келіп жетті. Бір айға созылатын бұл мерекенің тойлаудағы басты мақсат – Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың іс-әрекеттерін насихаттау, салауат айту, жастарға имандылық қағидаттарын түсіндіру, оларды отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі терісқылықтардан сақтануға шақыру. Осы мақсатта Орал қаласындағы Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірім кітапханасынының оқу залында «Екі дүниенің сардарының сара жолы» атты жиын өтті.
Шараға қонақ ретінде «Орал қалалық мешітінің» найб имамдары Бейімбет Дүйсенәлі мен Наурыз Ибатұлы және «Оралмедресесінің» ұстазы Мухаммед Нажи Шушан Кассем мен Раманкулов Асет келген болатын. Онымен қоса «Қазақстан-Орал», «ТДК-42» арналары мен «Орал өңірі» газетінің тілшілері де арнайы келіп мамандардан «Мәуліт айы» туралы сұхбаттар алды.
«Орал медресесінің» ұстазы, мысырлық Мухаммед Нажи Шушан кітапхана оқырмандарына Пайғамбарымыздың сара жолы жайлы насихаттаса, Орал қалалық мешітінің найб имамы Наурыз Ибатұлы «Сүннет – салтымыз, хадис – ғұрпымыз» тақырыбы аясында баяндама жасады.
Жиын соңында студенттер көкейлерінде жүрген Ислам дінінде әйел адамның орны, үлкен күнәлар, жастардың азғындап бара жатуына не себеп сынды сұрақтарды «Орал» медресесінің ұстазы Мухаммед Шушанға қойып, тұшымды жауаптарын алды. Және де «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» тарапынан берілген кітаптарды кітапхана оқырмандарына найб имам Бейімбет Дүйсенәлі таныстырды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.01.2015
3138
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру