Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қаражал қаласындағы Мәуліт мерекесі

16.01.2015 3695 0 пікір

Қаражал қаласының бас имамы  Дулат Дайыр Мәуліт мерекесіне орай «Қош келдің Мәуліт» тақырыбында рухани кеш өткізді. Кеш Нұр Астана медресесінің  шәкірті Торғайбеков Айбектің  Құран оқуымен ашылды. Содан соң қала әкімінің орынбасары М.Т. Джанабергенов жиналған халықты Мәуліт айымен құттықтады. Мерекеге арнайы барған Жезқазған аймағы бойынша Өкіл имамы Қабылбек Әліпбайұлы Мәуліт айы жайында уағыз айтты. Рухани кеште сахналық қойылымдар мен рухани  әндер орындалды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) құрметіне мәуліт оқылып, ғибартқа толы өмірбаяны жайлы бейне баян көрсетілді. Жиналған қала жұртшылығы рухани кештен үлкен әсер алды.

 

                                                                                Жезқазған аймағы бойынша

                                                                                баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру