Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы жастары 2015 жылды қайырымдылықтан бастады

16.01.2015 3997 0 пікір

Қайырымдылық - ізгілік пен имандылықтың, мейірімділіктің іс жүзіндегі көрінісі екендігін ескере отырып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жалпы және жастар ісі бөлімі, Алматыдағы жұмысын биыл қайырымдылықтан бастады. Бұл іс-шарада Алматы қаласы, Жетісу ауданы №109 мектептегі тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 100 балаға оқуға қажет құрал-жабдықтарға толтырылған сөмкелер таратылды. Іс-шараға мектеп директоры, Алматы қаласы бойынша жастар ісінің мүшесі Ашимов Қасым, Жетісу аудандық Әл-Мадина мешітінің наиб имамы Қамбарұлы Қажымұқан, ата-аналар және мектеп қызметкерлері қатысты.

Мектеп оқушыларына, білім жолындағы бүлдіршіндерге арналған қайырымдылық шаралары мешіттер тарапынан соңғы жылдары жиі өткізілуде. Ислам діні білімді қатты бағалайтындығы ақиқат. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Ғылым үйрену барша мұсылманға парыз», - деп, әрбір мұсылман баласына білім ізденуді өсиет етті. Осынау пайғамбар өсиетіне тамшы үлес қосу мақсатындағы қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып тұрады. Мектеп ұжымы өз кезегінде мешіт атынан жасалған бұл қамқорлыққа деген өздерінің жылы лебіздері мен алғыстарын білдірді.

 

Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру