Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау орталық мешітінде мәуліт аталып өтті

16.01.2015 3697 0 пікір

Бүгін Маңғыстау облыстық орталық мешітінде мәуліт аталып өтті. ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы С.Сейтбековтің тапсырмасымен Зекет қорының Маңғыстаудағы өкілі Серік Хантораев мәуліт шарасын тыңғылықты ұйымдастырып, қамқор азаматтардың көмегімен екі жүзден астам мешіт жамағатына дастархан жайды.  Мәуліттің мән мазмұнын ашатын уағыз насихат айтылды.  Құран оқылып, пайғамбарымыздың (с.а.с) өмірбаяны таныстырылды. Мешіт ақсақалы Лепес қажы мәулітке қатысты ақ тілегін жеткізіп, бата берді. Ас соңында мешіт азаншысы Әли Қазақ мәуліт оқыды.

Маңғыстау облысы бойынша мәуліт шарасы барлық аудан, ауыл мешіттерінде өткізіліп жатыр. Бұған дейін Қалалық Бекет ата мешіті мен Мұнайлы аудандық мешітінде,  Жыңғылды,Теңге ауылдық мешіттерінде де мәуліт аталып өтті.   

Маңғыстау облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру