Павлодар облысы, Май және Лебяжі аудандарында Мәуліт мерекесі тойланды.
Май ауданының бас имамы Берік Жағыпардың басқаруымен өткен Мәуліт мерекесінде аудан әкімі Ысқақова Бекзия Зейноллақызы құттықтау сөзі сөйледі. Шараға Павлодар облысындағы «Әбу Бәкір Сыддық» және «Нұр - Астана» медресесінің талабалары, аудандағы Б. Жылқыбаев атындағы өнер мектебінің оқушылары қатысты. Сондай-ақ мерекелік шараға орайластырылып «Шыған» дәмханасында халыққа ас берілді. Дастарханды жаюға «Жанашыр» ҚҚ – ның төрайымы Бақыт Жұмабайқызы бастаған жомарт жандар демеушілік етті. Мәулітті өткізуге атсалысқан азаматтарға ауыл әкімі Дюсупов Әсет Қабдылұлы өзінің алғыс - тілегін жеткізді. «Қазір Ислам елдерінің барлығында Мәуліт мерекесі атап өтілуде, бұл Пайғамбарымызға (с.ғ.с) деген сүйіспеншілік, құрметіміз», - дейді ауыл әкімі. Соныңда аудандық аурухана емделушілеріне де Мәуліт дастарханынан дәм жеткізілді.
Ал Лебяжі ауданының мәдениет үйінде өткен Мәуліт мерекесі ауданның бас имамы Мақсат Ибраевтың құран оқуымен ашылып, арықарай Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жайлы мадақ өлеңдер мен жырлар, салауаттар айтылып, сәлем жолданады. Сондай-ақ шараға қатысқан аудан әкімнің орынбасары Бейімбет Байжанов жиылған халықты қасиетті Мәуліт мерекесімен құттықтады. Жүргізуші Қуаныш Шарманов жамағатқа Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) Мұстафаның қайырымдылығы мен жасаған ғибадат амалдары жайлы уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар Оразбек Саяхат пен Абзал Қайратұлы есімді жас ақындар айтыстың тамаша үлгісін көрсетіп, ауданның жас әншілері ана, әке, туған жер жайлы термелер орындады.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.01.2015
3529
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру