Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жүйке жүйесі ауыратындармен жүздесу өтті

16.01.2015 3479 0 пікір

Мәуліт мерекесіне арналған кезекті шара облыстық жүйке ауруларын емдеу орталығында жалғасын тапты. Мұнайлы аудандық мешітінің бас имамы Айдос Муталиев мешіт жамағаты және ақсақалдармен бірге орталықтағы жүйке жүйесі ауруына шалдыққан жандармен арнайы барып жүздесті. Екі қабатты ғимараттың тыныс тіршілігімен танысып, аурулардың хал жағдайын сұрасқан мешіт жамағаты мекеме директорына өздерінің алып келген сый сияпаттарын тапсырды.

Мекеме басшының өтінішімен ғимарат ішіне ілетін картиналар,сағаттар, бөлме өсімдіктері мен гүлдер берілді. Сондай ақ, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Дін мен дәстүр» кітабы, облыс имамы С. Сейтбековтің «Иман негіздері» орталыққа сыйға тартылды.     

Мәуліт мейрамына орай, мешіт жамағаты атынан арнайы қой сойып апарылып, орталықтың асханасына дастархан жайылды. Орталық қызметкерлері мен емделушілерге мәуліт жайында уағыз айтылып, пайғамбарымыздың абзал бейнесі еске алынды.

«Бүгінгі таңда бұл орталықта 210 адам ем қабылдап жатыр. Олардың басым көпшілігі қазақтар. Намаз оқитын алты адам бар. Олардың ақыл естерінде ауытқушылық болғанмен, намаз туралы түсініктері бар»,- дейді    облыстық психо-неврологиялық интернат үйі директоры Амангүл Нұрлаева.

Жиын соңында мешіт жамағаты атынан Жұмырбаев Қуандық ақсақал емделушілерге бата беріп, олардың аман -есен сауығып, отбасыларымен қауышуына тілектестік білдірді.

Маңғыстау облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру