Дініміз өз қоғамының қуатты да айбынды болуы үшін, спортқа ерекше көңіл аударып, онымен айналысуға шақырады. Қасиетті Құранның 42 жерінде «қуат» сөзі кездеседі. Әбу Һурайра жеткізген хадис-шәріпте хазреті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) осы мәселеге байланысты: «Екеуінде де өз қайыры болса да, қуатты мүмін Аллаға, әлсіз мүміннен жақынырақ және сүйіктірек», – деген (Имам Мүслім). Басқа бір хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Расында, сенің Раббыңда сенен ақысы бар және сенің денеңнің сенен ақысы бар, ....... сол үшін сен ақысы барлардың ақысына жауап бер», – дейді (Әл-Бұхари, имам Мүслім). Демек, спорт – ағзаларымыздың ақысы. Ол денемізді шынықтыру арқылы өтелмек. Сондықтан да Павлодар облысы Май ауданы орталығында халық арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, спорт және дене тәрбиесімен шұғылданатын жастардың санын арттыруға ат салысу, мешіт жамағаттарының бір – біріне деген бауырмалдығын күшейту мақсатында Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) – ның туған айына орай аудандық «Қожабек» мешітінің ұйымдастыруымен аудандық, мешіт жамағаттары арасында шағын футболдан жарыс өткізілді. Сайсықа «Кеңтүбек», «Көктөбе жастары», «БЖ спорт мектебі», «ТҚШ» футболшылары, «Баскөл», «Қаратерек», «Қожабек» және «Сейітбаттал» мешіттерінің командалары қатысты. Мәуліт құрметіне жиналған спортшылар бір күн бойы тығыз қарым – қатынаста болды. Бірін – бірі жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйды. Уағыз айтылды. Жылы лебіздер білдіріп, аудан имамы Берік Жағыпар осы сияқты достық пен ынтымақтастық шаралары жалғасын табатынын айтты. Жарысқа ауданға қарасты ауыл мешіттері өте белсенді қатысты. Кездесулер қызықты болу үшін тәртіпке көп мән берілді. Ойын алаңында жаман сөздер айтып, қарсыласына зиян келтірген ойыншылар үшін командасына айып добы (пенальти) соғылып, бұзақылығы қайталанған жағдайда алаңнан қуылды. Жарыс нәтижелері бойынша «Сейітбаттал» мешіті» мешіті бірінші, «Көктөбе жастары» командасы екінші, «Қожабек» мешіті үшінші орындарды иеленді.
Сайыстарды өткізуге Б. Қожабеков және Т. Қонақбаев қатарлы қажы аталарымыз үлкен демеушілік жасады.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.01.2015
6516
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру