Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мәулітке арналған маңызды шара

15.01.2015 3245 0 пікір

Апта басында Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінде қасиетті Мәуліт мерекесіне арналған рухани шара өтті. Оған жүзге жуық адам қатысты.

Құптан намазынан кейін бас имам Жолдас қажы Қоспақұлы көпшілікке уағыз айтты. Екі дүние сардары Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың ғибратты ғұмырынан мысалдар келтірді. Алла елшісінің ерекше қасиеттеріне тоқталып, оларды әрбір адам баласы өміріне үлгі-өнеге тұтуы тиіс екенін жеткізді.

- Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыз – барша адамзаттың қадірлісі һәм ардақтысы. Алла елшісінің әр амалы бізге мәнді де мазмұнды сабақ. Аллаға шүкір, елімізде Мәуліт мерекесін кең көлемде атап өту игі дәстүрге айналды, - деді Жолдас қажы Қоспақұлы.

Сондай-ақ уағыздан кейін мешіт демеушілерінің қолдауымен жамағатқа ақ дастарқан жайылды. Қасиетті мерекеде ізгі тілектер айтылып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірі әңгімеге өзек болды. Емен-жарқын әңгімеге құрылған рухани кештен барлығы да толысып қайтты. 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру