Маңғыстау облысында мәуліт айына арналған шаралар легі жалғасуда. Мұнайлы аудандық мешітінің бас имамы Айдос Муталиев бастаған мешіт жамағаты Ақтау қаласында орналасқан қарттар үйіне зиярат жасап, қайырымдылық дастарханын жайды.
Қариялар мешіт имамдарының мәуліт туралы уағыздарын тыңдап, өздерін толғандырған сұрақтарына шариғат үкімімен жауап алды. Маңғыстау облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі басшысы Күләш Қалиева бұл отырысқа дән риза болып, алғысын білдірді.
Қазіргі таңда қарттар үйінде112 қария тұрып жатыр. Олардың арасында І және ІІ топтағы 47 мүгедек бар. Ұлт қазынасы қарияларымыздың жарым көңілін жұбатып, көңілдеріне медеу, жандарына жылу сөз арнаған қайырымдылық шарасы алдағы уақытта та жалғасын таба бермек.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.01.2015
3258
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру