«Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Койча» дәмханасында мерейлі мәуліт мерекесінің құрметіне елордалық жамағатқа дастархан жайылды. Қасиетті Құран аяттарын оқумен бастау алған ізгілік кешінде дін қызметкерлері ардақты елші Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с.) өнегелі өмірін сыр шертіп, көпшілікке ғибратты уағыз айтты.
Қала имамдары мен мешіт жамағаты бас қосып, дидарласқан бұл кеште саф дін Ислам жайлы көңіл тебірентерлік уағыз-насихат айтылды. Өз кезегінде ақ дастарқан басында жиылған жұртшылық мәуліт күні құрметіне елеулі шаралар ұйымдастырып, бұқараның басын қосып, игілікті істің ұйытқысы болып жүрген дін қызметкерлеріне алғыс білдірді.
Ал ҚМДБ-ның Астана қаласындағы өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы мұндай мазмұндағы кештерді өткізудің бүгінгі қазақ қоғамы үшін аса қажетті екенін айтады. «Күллі ислам әлемі қадір тұтқан осы күнде барша әлемнің мұсылман жұртшылығы әз елші Мұхаммедке арнап салауаттар айтып, сәлем жолдайды. Қасиетті Құранда айтылғандай, Алла тағала бізге әлемнің рақым нұры етіп жіберген пайғамбарымыздың саналы ғұмыры – өмірлік ғибрат. Біз пайғамбарымыздың әр күні, әр сөзінен тура жол, мағыналы өмір жолын табамыз. Бұл күндері мүмкіндігінше көбірек салауаттар айтып, қасиетті Құранды оқудың сауабы сансыз» дейді өкіл имам.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.01.2015
3413
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру