Мұсылмандар үшін мұқтаждың мұңына ортақтасу сауапты іс екендігі бесенеден белгілі. Алла Тағала әрдайым қамқорлық көрсетуімізді бұйырады. Осы ретте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туылған айы Мәуліт мерекесіне орай сауабы мол мұндай игі шараның бірі "Иманғали" мешітінде жалғасын тапты. Қаңтардың 13-күні әлеуметтік жағдайлары аз қамтылған үш отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Атап айтқанда, 22 мұқтаж отбасыларына балалар аяқ-киімі үлестірілді, сондай-ақ, Бекмағамбетов Қамбар, Жұмағазиева Ақерке, Саудабаев Амантайға әрқайсысына 10 кг қой еті, 5 келі ұн, 5 келі күріш, 5 келі қант және 5 келі макарон өнімдері ұсынылды.
Сонымен қатар, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлы ІІ топ мүгедегі Гүлсәуле Мерешованың аяғына ота жасатуға мешіт жанашырлары көмегімен жиналған 100 000 теңге көлеміндегі қаржыны жеке табыстады.
Жоғарыда аталып өткен көмегі үшін дән риза болған қала тұрғындары мешіт ұжымына алғыстарын білдірді.
Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.
"Иманғали" орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.01.2015
3173
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру