Дін істері комитеті шетелдерде оқитын Қазақстан азаматтарына арналған Жадынама жасап шығарды деп хабарлайды din.gov.kz.
Жадынамада Қазақстан азаматының шетелде білім алу кезеңінде сақтауы тиіс ережелер жиынтығы берілген.
Негізгі талаптардың қатарында студент жастың өзге елдің мемлекеттік құрылымы мен қоғамдық қарым-қатынасында, дәстүрі мен әдет-ғұрыптары мәселелерінде өз іс-әрекеті арқылы өз елін таныстырушы тұлға, өз елінің мәдениеті мен рухани құндылықтарын көрсетуші басты бейне екенін ұмытпауы керектігі айтылады. Сол себептен, жастардың іс-әрекеті мен әр қадамы Қазақстанның имиджіне оң не кері әсерін беретінін де есте сақтау міндетті.
Жадынама алғысөзінде «Шетелдің жергілікті дәстүр-салтына түсіністік таныту, қоғамда жалпы қабылданған этика нормалары мен мораль мәселелерін сақтау маңызды болып саналады. Сондай-ақ, өзге елдің мәдениеті мен рухани құндылықтарына құрмет көрсетумен бірге, Сіздер өзіндік даму моделі бар қалыптасқан зайырлы мемлекеттің бетке ұстар өкілі екендіктеріңізді есте ұстаңыздар» делінген.
Аталмыш құжат қазақстандықтардың шетелде, әртүрлі қоғамдық қатынастарда дұрыс қарым-қатынас жүргізуі, сондай-ақ өзге ел ортасына дұрыс бейімделуі үшін шығарылып отыр.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.01.2015
3630
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру