Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу имамдары жаңа жоспармен танысты (ФОТО)

13.01.2015 3099 0 пікір

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлының  2015 жылдық жоспары құрылып, әр қала, аудан имамдарына алдағы уақытта атқаратын жұмыстары таныстырылды.

Жиналған имамдарға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмалары беріліп, ерінбей еңбек етуге шақырды. Аталмыш жиналыс барысында талқыланған мәселелер ауыл имамдарының білімін көтеру, мәдениетін арттыру, әрі төрт бағыт бойынша атқарылатын жұмыстарға ауыл имамдары белсенділік таныту керектігін жіте тапсырды. Өкіл имам өз сөзінде өткен 2014 жыл, жалпы өңіріміз үшін табысты жыл болды, әрі арқарған аз көлемдегі жұмысымыз бағаланып, мүфти хазреттің алғыс хатына ие болған қуанышымен  аудан имамдарымен бөлісті. Талдықорған өңірінің осындай зор табысқа жетуі сіздердің әрқайсыларыңыздың еңбектеріңіздің арқасы деп білемін деді Серікхан қажы.  « Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші осы жылда да Алла қаласа белсенділікпен қызметімізді өз деңгейінде атқаратын болсақ, Алла мен еліміз үшін пайдалы іс істеген болып табыламыз деді өкіл имам сөз соңында.

ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызыметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру