Жамбыл облысы Қордай ауданында Хазреті Мұхаммед Пайғамбарымыздың (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын!) туылған күні Мәуліт мерекесіне орай мерекелік іс-шаралар өз жалғасын табуда. Оның көрінісінің бірі Жамбыл ауылдық «Әл-Хафиз» мешітінің ұйымдастыруымен «Ырыс Бақыт» ЖШС-нің президенті К.С.Ақаев мырзаның демеушілігімен Жамбыл ауылында тұратын әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасына әр қайсысына рухани мерекелік көңіл күй қалыптастыру мақсатында 5000 теңгеден, жалпы соммасы 100 000 теңгеге қаржылай көмек көрсетілді. Көмек алушы жандар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізді.
Сонымен қатар, Қарасу ауылдық Ахмет Йассауи мешітінің ұйымдастырумен мәуліт мерекесі аталып өтті. Мешіт имамы З.Юбузов Алла елшісінің өнегелі өмірі жайлы уағыз айтып, арнайы мәуліт оқылды. Мерекеге арнайы ірі қара мал сойылып, кең дастархан жайылды. Дастарханға әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, ауыл ақсақалдары, ауыл белсенділері шақырылды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.01.2015
3047
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру