Маңғыстау облысындағы Мұнайлы аудандық мешітінде мәуліт мерекесі аталып өтті. Жергілікті халық «Ар -Рахман» мешіті деп атап кеткен мешіт ауласына 4 киіз үй тігіліп, 400-ге жуық адам мәуліт шарасына қатысты. Мешіт ақсақалдары, ауыл тұрғындары пайғамбарымызға салауат айтқан, пайғамбар өмірінің өнегелі жолдарымен танысқан әсерлі отырысқа куәгер болды.
Шара барысында мешіт істеріне сүбелі үлес қосып жүрген, өздерінің қамқор істерімен ел ықыласына бөленіп жүрген азаматтарға алғысхат беріліп, мешіт қарияларына шапан жабылды.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.01.2015
3364
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру