ҚМДБ Астана қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ресми сайты «sunna.kz» ағартушылық – танымдық порталы, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) дүниеге келген қасиетті Мәуліт айының құрметіне, «Пайғамбар өнегесі – адамзаттың асыл мұрасы» тақырыбында мақалалар байқауын жариялайды.
Байқаудың ақпараттық демеушісі Вконтакте әлеуметтік желісіндегі Кітаптар EPUB тобы.
Байқау шарттары:
1. Байқауға кез-келген жастағы үміткер қатыса алады.
2. Байқауға қатысатын мақалада, кемінде 1 аят, 2 хадис болуы керек.
3. Мақалалар байқау жарияланған күннен бастап үстіміздегі жылдың 25 қаңтарына дейін қабылданады.
4. Мақала көлемі – 3 – 4 беттен аспауы керек. Times New Roman, 14 қаріпімен жазылуы керек.
5. Мақала астында үміткердің толық аты – жөні және ұялы телефонының нөмері жазылуы керек.
6. Байқауға ұсынылған материалдар алдағы уақытта ҚМДБ-ның кез-келген БАҚ ресурстары арқылы жарияланып, қажет жағдайда редакцияланып, өңделеді.
Байқауға қатысатын мақалаларыңызды sunnakz@bk.ru электронды поштамызға жолдай аласыздар.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін үстіміздегі жылдың 25 – 30 қаңтары аралығында, сайтымыздың ұжымы анықтайды. Қоржынымызға түскен мақалалардың ең үздіктері сайтымызда жарияланатын болады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.01.2015
4007
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру