Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Облыс әкімі мешітте

12.01.2015 4010 0 пікір

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметов облыстық мешітке келіп, шығыс руханиятының жағдайымен танысты.

Өкіл имам Нұрлан Байжігітұлы облыс көлемінде атқарылып жатқан ауқымды діни іс-шараларға тоқтала келе, облыстық мешіттің құрылыс кезіндегі тиісті деңгейде орындалмаған кем-кетіктерге тоқталды. Бұл тұрғыда осы мәселелердің жуық арада шешілуі қала әкімі Темірбек Қасымжановқа табысталынды. Аймақ басшысы көп уақыттан бері мешіттің бас шамының ақауларына көңіл бөліп, оның  таяуда реттелуіне уәде берді. Ең бастысы, аймақ көлемінде дінге қызмет етуші имам – молдаларға мейлінше әлеуметтік қолдау көрсететіндігі әңгімеден тыс қалмады.

Соңында, облыс басшысы ата-баба рухына Құран оқытып, дұға бағыштады. 

Шығыс Қазақстан облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру