Қарапайым халықтың мазасын алатын көшедегі саудагерлер мен балгерлерге айыппұл салынады. Бұл туралы кеше елорда әкiмдiгiнде өткен Әкiмшiлiк құқық бұзушылық кодексiнiң жаңа баптарын түсiндiруге арналған семинарда Астана қаласы прокурорының аға көмекшiсi Шолпан Көшенова мәлiм еттi, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Қоғамдық орындарда жеке кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсаты болмаса да, көшеде сауда жасайтын, өткен-кеткенге бал ашып беретін, тіпті тән саудасымен айналысатын "түнгі көбелектер", болмаса өзге де қызметтер ұсыну арқылы қарапайым халықтың мазасын алатын адамдар көбейіп кетті. Енді оларға айыппұл салу қарастырылуда. Егер олар айыппұл салынғаннан кейін де ондай әдетін қоймаса, қатаң жауапкершілікке тартылады. Егер осындай тәртіп бұзушылықты шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлғалар жасаған болса, олар қамауға алынып, Қазақстан аумағынан шығарылады»,-деп атап өтті ол.
Енді, көшеде бал ашып берейін деп қыр соңыңнан қалмайтын адамдар мен ұсақ-түйек тауарын тықпалайтын саудагерлерге, сонымен қатар, «түнгі көбелектерге» ірі көлемде айыппұл салынады.
Естеріңізге сала кетейік, бұндай әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің жаңа редакциясы осы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне еніп отыр.
Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.01.2015
3589
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру