Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қырғызстан Ислам университетімен келісімшарт жасалды (ФОТО)

06.01.2015 3862 0 пікір

                                                  

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті Қырғызстан ислам университетімен  өзара әрекет пен ынтымақтастық жөнінде келісімшартқа қол қойды.  Келісімшарт  ислами рухани білімді жаңғырту,  ислам құндылықтарын өркендету,  қазіргі өркениет дамуында  орын ала бастаған рухани-өнегеліліктің құлдырауына қарсы тұру мақсатында халықаралық лаңкестік пен діни экстремистік оқиғаларды талқылау арқылы, діни алауыздық пен діни теріс ағымдардың  пайда болуына тосқауыл жасау шараларына  мұсылмандарды өз еркімен араластыру, ТМД елдері бойынша  ислам білімінің  басым бағыты бойынша электронды білім алу, қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу секілді мәселелерді қамтиды.   

Әрине, аталған бұл мәселелердің барлығы Қазақстан мен Қырғызстандағы заңнамалар мен халықаралық құқық талаптарына сәйкес жасалған. Өзара тәжірибе алмасу, магистрантура мен докторантура бағдарламалары бойынша ғылыми алмасулар т.б., шараларды қамтыған  келісімшарт тек екі жоғары оқу орын арасындағы құжат қана емес, екі ел арасындағы  діни мәселелерді қамтиды деп айтуға толық негіз бар.  Білікті мамандар, ғылыми жобалалар даярлау, ел арасындағы теріс ағымдарға қарсы әрекетте бірлікте болу, азаматтар арасындағы рухани құндылықтарды күшейту ...

Қырғыз еліне «Нұр-Мүбарак» университетінің атынан келісімді бекітуге арнайы іссапармен  барған Бас  хатшы Болатбек Абуов Қырғызстан ислам университетінің тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысқан соң, Бішкек қаласының Орталық спорт сарайында ұйымдастырылған «Пайғамбар туралы оқимыз»  атты салтанатты кештің арнайы қонағы болды.  Қырғызстан Парламентінің басшылық өкілдері, депуттаттары, Қырғызстан Бас мүфтиі қатысқан шараға қарап, көршілеріміздің де ислам дініне деген құрметі мен ерекше ықыластары сезілгендей.  Ал, ислам діні бір ғана бейбітшілік деген ұғыммен шектелмей, өзара бірлік пен ынтымақты  үндейтінін осындай маңызды келіссөздер арқылы көз жеткізуге болады. Сондықтан, бұл келісімшарт көрші қос мемлекеттің  арасындағы ынтымақты нығайтып қана қоймай, теріс ағымдардың алдын алып, ислам дінінің өркен жайуына жол ашады деген сенімдеміз.

www.nmu.kz

 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру