Семей қаласы «Қос мұнаралы» орталық мешітінің өкіл имамы Алтыбай Мақсат Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) дүниеге келген қасиетті мәуліт айының құрметіне мешіт жанындағы асханада жамағаттарға ауызашар ұйымдастырды.
Өкіл имам Әз Пайғамбарымыздың (с.а.у) көркем мінезі жайында өнегелі уағыз насихат айтты. Іс-шара соңында мәуліт дұғасы жасалып, жиналған жамағатқа ауызбіршілік және ынтымаққа шақырып, еліміз бен жерімізге бақ-береке, бейбіт те мамыражай тіршілік тілеп дұға жасалды.
Жиналған көпшілік осындай игі шараға мұрындық болған мешіт қызметкерлеріне алғыстарын айтты.
Қос мұнаралы орталық мешіт баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.01.2015
3203
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру