Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ауылда мәуліт тойы тойланды (ФОТО)

06.01.2015 3760 0 пікір

Мұхаммед пайғамбар өмірге келген Мәуліт күні дәстүрімізден берік орын алған мереке. Тәуелсіздік жылдары ішінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күні оның өнегелі өмір жолын жан-жақты түсіндіретін, Исламның асыл құндылықтарын насихаттайтын рухани мерекеге айналды. Биыл бұл қуанышты күн қаңтар айына тұспа-тұс келіп отыр. Демалыс күндері Ақжар және Аққайың аудандарында Мәуліт мерекесі өтті.

Ақжар ауданының Ленинград ауылдық округіндегі Мәуліт тойына «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай, аудан әкімі Серікбай Тұралинов және РФ Сібір аймағының мүфтиі Бота қажы Бақулин қатысты. Екі ауданда да облыстық мешіттің бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай Пайғамбарымыздың көркем мінезі, өнегелі өмірі жайында уағыз айтты.

Дайындық ауылының тұрғындары да жыл сайын Мәуліт мейрамын асыға күтеді. Биыл мерекені атап өтуге жергілікті мешітке жамағат көп жиналды. Алыс-жақын ауылдардан келген дүйім жұрт ата-бабаларының рухына Құран бағыштады. Дайындық ауылында мейрамға орай спорттық жарыстар да ұйымдастырылды. Бес асық, тоғызқұмалақтан өткен сайысқа мектеп оқушылары қатысты. Сондай-ақ, мерекені атап өту барысында қазақ сазды драма театры шағын концерттік бағдарлама ұсынды. Мәуліт тойының өтуіне ауыл тумасы, кәсіпкер Біржан Шәймерденовтің ұйытқы болғанын да айта кеткен жөн.

Мәуліт мейрамында ауылдықтар мен қонақтары үшін май сойылып, ас берілді.

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру