Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мәртебелі мәуліт мерекесі аталып өтті

06.01.2015 3560 0 пікір

Мұсылман баласы үшін маңызды да мерейлі Мәуліт мерекесін Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің ұйымдастыруымен жаны жайсаң жамағат зор қуанышпен атап өтті. Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған күніне қала тұрғындары көп жиналды.

– Мәуліт мерекесін атап өтудегі мақсатымыз –асыл дінімізді дәріптеу, пайғамбарымызды тану. Бүкіл дүние жүзінің мұсылмандары оның дүниеге келгеніне қуанып, тойлап жатыр. Баршамыз үшін мәуліт мерекесінің орны бөлек,-деді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің Бас имамы Дүйсен қажы Хаснияз.

Сондай-ақ, Ақтау имамы жиналғандарды мерекемен құттықтап, Мұхаммед пайғамбарымыздың өмірінің өнегелі тұстарын сөз етіп, оның отбасындағы қарым-қатынасы, әйел затына деген құрметі жайында әңгімесін әсерлі айтты. Екі дүниенің сардары болған Пайғамбарымыздың барша мұсылман баласына жүктеген қасиетті парыздарын сөз етті.

Әлемдегі пайғамбарлардың ең соңғысы және ең үстемі Мұхаммед «алейһиссалам» 571 жылы сәуірдің 20-на сай келген рабиуләууәл айының 12-сі дүйсенбі күні түнде таңға жақын Меккеде дүниеге келді. Әр үммет үшін өз пайғамбарының туылған күні мереке болып есептеледі. Бұл күн – барша мұсылмандардың мерекесі, қуаныш пен шаттық күні. Бұл - «мәуліт түні» болып тойланады, барлық жерде мәуліт қасидасы, өлеңдері оқылып, расулуллаһ еске алынады. Мәуліт - туылған сәт дегенді білдіреді.

Бұл түні пайғамбарымыз туылған кездегі байқалған құбылыстарды, мұғжизаларды айту, тыңдау, үйрену өте сауапты іс болады. Пайғамбарымызды мадақтайтын түрлі мәуліт қасидалары бар. «Мәуліт оқу» - пайғамбардың дүниеге келуін, миғражы мен өмірі туралы айту, оны еске түсіру, оны мадақтау дегенді білдіреді. Мәуліт түні қадір түнінен кейінгі ең қадірлі түн. Бұл түні пайғамбарымыздың туылғанына қуанғандар кешіріледі.

Бұл түні сазды аспаптар және басқа да харам нәрселерді араластырмай, еркек-әйел араласпай, Аллаһ ризалығы үшін мәуліт жиындары ұйымдастыру, мәуліт оқу, салауат айту, халыққа дәмді тағамдар ұсыну, жақсылықтар жасау мүстахаб болады екен. Бұл күні Құран кәрім оқу, қаза намаздарды оқу, садақа беру, дұға оқу және Хақтағаладан күнәләріміздің кешірілуін тілеу керек.

Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру