Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мәуліт меркесіне орай өткен қайырымдылық

05.01.2015 3065 0 пікір

Исі мұсылман жұртшылығының ерекше тебіреніспен күтетін айларының бірі - Мәуліт айы (Рәбиул-әууәл). Бұл айда мұсылмандар Мұхаммедтің (ﷺ) өнегелі өмірін болашаққа жеткізу үшін неше түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.

Пайғамбарымыздың (ﷺ) үмбетіне қалдырған ізгі амалдарының бірі жабырқау жандардың жанынан табылып, жәрдем беру екендігі баршаға аян. Осы бір қайырымды істі жанғырту мақсатында Төлебиліктер Мәуліт айын атап өтудің жаңа үлгісін қолға алды. Атап айтқанда, Шымкент қаласы, Төлеби ауданының Бас имамы Б.Қалдаровтың тікелей мұрындық болуымен 50 мұқтаж отбасына 50 қап ұн таратылса, «Төлеби» мешітінің имамы С.Нарымбетов ауруханада жатқандардың қал-жағдайын сұрап, ауырып жатқан жандарға 6 отбасыға ет, 10 отбасыға 10 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетілді.

Төлебилік қайырымды жандар Пайғамбарымыздың (ﷺ) сүннетін сөзбен ғана емес, іспен де көрсету керектігін қолға алды. Бұл жайт бізге «Өсиеттен өнеге өктемірек» деген сөздің әсерін дәлелдеп береді.    

ОҚО, Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру