Қасиетті жұма күні Шымкент қаласы А.Қаттани мешітінде РАНТ мүшесі, белгілі дінтанушы ғалым, Арман Қуанышбаев «Мәуліт мүбарак болсын, ағайын!» тақырыбында уағыз жүргізді.
Уағыз барысында Пайғамбарымыз (ﷺ) көркем мінезі, жалпы адамзат қауымына қалдырған мол мұрасы мен өсиеті сөз болды. Тақырып аясында Арман Қуанышбаев Мәуліт мерекесін тойлаудың маңыздылығы мен әсеріне кеңінен тоқталып, қасиетті мерекеге қатысты көптеген ғалымдардың пәтуасын мысалға келтірді. Сонымен қатар, адамгершілік, имандылық, сүйіспеншілік пен мейірім мәселесінде Пайғамбарымыздың өмір жолын өнеге етіп өтті.
Жамағат арасындағы диструктивті ағым өкілдерінің Мәуліт мерекесіне қатысты теріс пікірлерін жоққа шығарып, нақты мысалдар мен дәлелдер келтіру арқылы тойтарыс беріп өтті.
А.Қаттани мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.01.2015
3228
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру