Маңғыстау облыстық орталық мешітінде өңірге қарасты мешіттердің имамдарына арналған жиын өтті. Өткен жылды қорытындылаған жиналыста өкіл имам Смайыл Сейтбеков 2014 жылда атқарылған іс-шараларға тоқталып, осы іс-шараларды атқару барысында бірлесе отырып жұмыс жасағаны үшін барлық имамдарға алғыс білдірді.
Өткен жыл бойынша Дін мен дәстүрге қатысты іс-шарарларға белсене қатысқаны үшін «Әл-Фатима» қорының жетекшісі Амин Күнзила апамыздың Бас мүфтидің қолынан алғыс хат алғаны аталып өтті.
2014 жылдың 4 бағыт бойынша атқарылған жұмыстар жеке- жеке таныстырылып, имамдарға бейнеролик нұсқасы көрсетілді. Алдағы уақытта бұл жұмыс жалғасын табатынын, апталық есепті бірізділікпен тапсырып отыру ескертілді. Сондай-ақ, ақшам намазы мен құптан намазы арасында уағыз айтуды жандандыру керектігі айтылды.
Мешіт имамдарына тұрғылықты жерлеріндегі басылым беттеріне діни мақалалар жазып отыру тапсырылды.
Өкіл имам Бас мүфтидің «Халал» бөлімі туралы кең түсінік берді. Сондай-ақ, пәтуа сайтының ашылғандығын атап өтіп, сайтқа шыққан пәтуаларды мешіттегі ақпарат тақтасына ілуді тапсырды.
Өкіл имам өз сөзінде барлық имамдарға жастармен жұмысты жандандыруды ескертті. Мәуліт айына байланысты Мәуліт мерекесін барлық мешіттерде қажетті деңгейде атап өтуді тапсырды.
Жыл аяғында жақсы көрсеткіш көрсетіп, діни іс шараларға белсенді араласқан имамдарға алғыс хат берілетін болды. Имамдар арасынан 4 имам ұсынылды. Олар: Дүйсен Хасниязов, Қайрат Маманбаев, Ұзақбай Жанабаев, Айдос Муталиев. Бұл имамдар алдағы уақытта алғыс хатпен марапатталмақ.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.01.2015
3699
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру