Семей өңірі, Аягөз ауданына қарасты Мамырсу ауылындағы «Қазығұл ата» мешітінде мешіт имамы Төлеубаев Ержан Мұқанұлының ұйымдастыруыменен Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) дүниеге келген қасиетті Мәуліт айының құрметіне қарияларға арналып дастархан жайылды.
Ауыл әкімі Ибрайхин Архан Әлімғазыұлы жиналған көпшілікке өзінің ізгі ниетін білдіріп сөз сөйлегеннен кейін, Аягөз ауданының Бас имамы Сайфуллин Думан Нәдірұлы Әз Пайғамбарымыздың (с.а.у) көркем мінезі жайында өнегелі уағыз насихат айтты.
Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Дәулет қажы Қинаятұлы да сөз жалғап, ақсақалды аталар мен ақжаулықты аналарға Пайғамбарымыздың өмірінен мысалдар келтіре отыра уағыз айтып, мәуліт мерекесінің мән-мағынасын аша түсті.
Жиын соңында Құран оқылып, бата берілді. Жиналған көпшілік осындай игі шараға мұрындық болған мешіт имамдарына алғыстарын жеткізді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.01.2015
3926
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру