Мойынқұм ауданына Жамбыл облысының өкіл имамы Жұмабаев Данияр Әлимұхаммедұлы жұмыс сапарымен келді.
Ауданымыздың орталық мешітінде болып, жамағатпен кездесіп, облысымыздағы діни істер жайлы, мешіттердің жұмысы туралы мағлұматтар берді.
Мойынқұм ауданында жүргізіліп отырған жұмыстармен танысып, ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар, ауылымыздың қариялармен кездесіп, мемлекетімізде облыс көлемінде дін жөнінде жүргізіліп отырған іс-шаралар туралы айтып, олардың маңыздылығына тоқталып өтті.
Аудан әкімінің қабылдауында болып, ауданымызда жүргізіліп отырған орталық мешіттің жөндеу жұмыстары туралы сөз қозғады. Мешітке аудан мекемелерінің, жеке кәсіпкерлердің демеушілігі мен ауыл тұрғындарының көрсеткен көмектерін көріп, оған ризашылық білдірді.
Аудандық мешіттің жөндеу жұмысына облыс имамы Жұмабаев Данияр Әлимұхаммедұлы 150 мың теңге көмек көрсетті.
Ж.Қалыбаев,
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.12.2014
3341
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру