Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имам «Жыл адамы» атанды (ФОТО)

30.12.2014 3866 0 пікір

2014 жылдың соңында Арқалық қалалық мешітінің бас имамы Бектұрсын Уәлиев үлкен қуанышқа кенелді. Ол аталған қаланың әлеуметтік дамуына қосқан үлесі, қайырымдылық мақсатында атқарған қыруар жұмыстары ескеріліп, «Қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша «Жыл адамы-2014» атанды.

Оған бұл марапатты Арқалық қаласының әкімі Ғазиз Бекмұхамедов табыс етті.

Біз дін қайраткері Бектұрсын Торғайбайұлын осынау атағымен шын жүректен құттықтап, оған алдағы уақытта мықты денсаулық, қызметінде табыс тілейміз. 

ҚМДБ-ның Арқалық қалалық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру