Қордай ауданы, Сортөбе ауылында орналасқан «Хамид бен Бадый» мешітінің ұйытқы болуымен «Рәбиуль әууәл» айы кіре саласымен адамзаттың таңдаулы тұлғасы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) мәулідін тойлауды бастап кетті.
Мешіт имамдары арнайы мәуліт оқып, жамағатқа Алла елшісінің өнегелі өмірі жайлы уағыз атты. Мерекеге арнайы ірі қара мал сойылып, 300 адамға кең дастархан жайылды. Дастархан басында Алла елшісі өмірі, бейбітшілік жайлы, дінаралық пен ұлт аралық келісім туралы уағыздар айтылды.
«Қордай» аудандық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.12.2014
3215
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру