Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Дін мен дәстүрдің» үздік насихаттаушысы

29.12.2014 3057 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы 2014 жылды «Дін мен дәстүр сабақтастығы» жылы деп жариялағаны белгілі. Алматы қаласы имамдарының жылдық есеп беру жиналысында Таугүл-3 мешіті «Дін мен дәстүрдің» ең үздік насихаттаушысы деп танылып, қаламыздың Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбеттің алғыс хатымен марапатталған болатын. Осыған орай Таугүл-3 мешітінің жамағаты, мешіттің бас имамы Нұржан Таласұлын құттықтап, жеткен жетістік пен абырой мешіттің беделі дей келе, Спанов Ерген ақсақал жамағат атынан бас имамға ұмра қажылықтың сертификатын табыстады. Н.Таласұлы өз кезегінде «Жамағаттың ұйымшылдығына ризашылығын білдіріп, «Алла дініне қызмет етуде баршамыздың үлесіміз бар»,-деді. «Жамағаттың бірлігі мен ынтымағы Тәуелсіз еліміздің, ата дініміздің өсіп-өркендеуінің кепілі»,- дей келе, қажылыққа жолдаманы касиетті мекенге барғысы келетін жағдайы төмен, мұқтаж адамға табыстайтынын мәлімдеді.

Сонымен қоса Әуезов ауданының әкімі Нұрғалиұлы Бекқали мырза Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні меркесіне орай, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолына қосқан белсенді қызметі үшін Таугүл-3 мешітінің Бас имамын құрмет грамотасымен марапаттады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру