Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Сайфуллин Думан Нәдірұлы ШҚО, Семей өңірі, Аягөз ауданының Бас имамы болып тағайындалды.
Осы уақытқа дейін Бас имамдық қызмет атқарып келген Чадаев Маратхан қажы Мұхтарханұлы Алматы қаласы, Түркісіб ауданы, Қайрат елді мекенінің мешітіне Бас имамдық қызметке ауысты. Семей қалалық орталық мешітінен келген наиб имам Серікқали қажы жұма уағыз – насихатын айтып, өкіл имам Мақсат қажы Алтыбай мырзаның сәлемін жеткізіп, имамдардың бұйрықтарын оқып, істеріне сәттілік тіледі.
Аудан әкімі тарапынан Сейілбек Абиұрұлы Маратхан қажыға аудан әкімінің алғыс хатын табыс етіп, Думан Нәдірұлына жаңа қызметіне табыс тіледі. Мешіт жамағаты арасынан намазхан ақсақал бата беріп, наиб имам көпшілік атынан Маратхан қажының иығына шапан жауып, алғыс хат пен сый табыс етіп, қос имамға «Алла Тағала имамдардымыздың жаңа қызметтеріне береке берсін, асыл дініміздің өркенденуіне өзіндік үлестерін қоса берулеріне тілектеспіз», - деген, жүрек жарды лебізін білдірді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.12.2014
3825
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру