Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам екі бірдей Құрмет грамотасымен марапатталды

29.12.2014 3317 0 пікір

ҚМДБ-ның  Қызылорда  облысы бойынша  өкілі,  орталық  «Ақмешіт-Сырдария»  мешітінің  Бас имамы Талғат Сейіткәрімұлына Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы: «Аймағымыздың  әлеуметтік – экономикалық  дамуына  қосқан ерекше  үлесі  үшін» - деп Құрмет грамотасымен марапаттады. Грамотаны  Облыстық дін істері басқармасының басшысы Нұрхан Жалиев табыстады.

Екінші марапатты Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Жанат Қуанышұлы: «Халық арасында ішкі істер органдары қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыруда өз үлесіңізді қосып, елдің полицияға деген сенімін нығайтуға атсалысып жүргеніңіз үшін», - деп, құрмет грамотасымен марапаттады.

Алла Тағала өкіл имамымыздың бұл құрметтерін екі дүниеде де бағалап, ел игілігіне жасаған еңбектеріне жеміс, береке берсін. Ел ынтымағы мен дін жолындағы еңбектері асқақтай бергей.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру