Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің мәдениет сарайында «Қош келдің, Мәуліт айы!» рухани кеші өткізілді.
Рухани кешке ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров, аудан әкімі Әліпбек Шәріпбекұлы және аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері жоғары және арнаулы орта оқу орындарының басшылары, аудан мешіттерінің имамдары мен қызметкерлері, студенттер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және қала тұрғындары, барлығы 800-ге жуық адам қатысты.
Кеш барысында елімізге белгілі әнші Құрмаш Маханов, ақын Бекарыс Шойбеков, Р.Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма театры, “Алдарастан” театрының өнерпаздары өнерлерін ортаға салды.
Кеш соңында рухани кештің жоғары деңгейде өтуіне демеушілік білдіріп, жанашырлық танытқан азаматтарға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы тарапынан алғыс хаттар табыс етті.
Сондай-ақ, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің “Дін мен дәстүр” атты кітаты және “Намаз үйренейік” кітаптары тегін үлестірілді.
Жалпы, қатысушылар жоғары деңгейде ұйымдастырылған кештен үлкен рухани ләззат алып, ризашылықтарын білдіріп тарасты.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.12.2014
3624
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру