Келер жылдан бастап қоғамдық орындарда шылым шегуге мүлде тыйым салынбақ. Қазақстанда жылына өкпе қабынуынан және түрлі аурулардан 25 мың адам көз жұмады екен.
"Темекі түтінінен азат Қазақстан" қоғамдық коалициясының мүшелері темекіге тиым салу арқылы осыншама адамды құтқарып қалмыз дейді. Ал, шағын және бизнес өкілдері шылымды шектесек табысымыздың 30% қағыламыз деп отыр.
2015 жылы Мәжіліс мақұлдаса, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске "көпшілік орындарда арнайы жабдықталған темекі шегу бөлмелерін жаппай жабу" туралы өзгерту енгізілмек.
Жалпы, еліміздегі ересек адамдардың 30 пайызы темекіге тәуелді. Қорап сыртындағы құбыжық суреттер мен әлеуметтік роликтер шылымқорлар қатарын азайтуға дәрмәнсіз. Дәл қазір аңсары ауып, темекі шеккісі келіп тұрған адамды, 10 жылдан кейін қатерлі ісік ауруына шалдығуы мүмкін деген ескертпе де тоқтата алмайды дейді мамандар. Бір Алматы қаласында шылымқорларды емдейтін 20 реабилитациялық орталық бар екен.
Мейрамхана кәсіпорындары және қонақ үйлер бизнесі қауымдастығының президенті Игорь Копайлов заңға өзгерту енгізуге қарсы. "Темекі шегуге арналған орындарға тыйым салу тәжірибесі батыстың бірқатар елдерінде тиісті нәтиже берген жоқ. Соның салдарынан мейрамханаларға келушілер саны шамамен 30 % қысқарды. Алайда, темекі шегу деңгейі төмендей қоймады" дейді ол.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.12.2014
4020
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру