Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазақстандағы 244 діни сайтты шектеу жөнiнде ұсыныс жасалды

25.12.2014 3230 0 пікір

Қазақстандағы 244 діни сайтты шектеу жөнiнде ұсыныс жасалдыДiни бағыттағы 244 сайтты шектеуге ұсыныс жасалды. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде ҚР Мәдениет және спорт министрлiгi Дiн iстерi комитетiнiң төрағасы Ғалым Шойкин мәлiм еттi.

"Бiз бүгiнде интернет-кеңiстiкке бақылау жүргiзiп келемiз. Онда бiз деструктивтi ақпараттары бар дiни бағыттағы сайттарды қарап отырамыз. Биыл бiз 8 мыңнан астам сайтқа талдау жасадық және тиiстi органдарға 244 сайтқа шектеу жасау жөнiнде ұсыныс жасадық", - деп атап өттi ол.

Оның сөзiне қарағанда, саралау кезiнде 100-ден астам бейнематериалды Қазақстанда таратуға тыйым салынды.

ҚазАқпарат

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру