Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамағатты бірлікке шақырған қайырымдылық жәрмеңкесі

24.12.2014 3581 0 пікір

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының мұрындық болуымен жамағат арасын біріктіріп, ынтымаққа шақыру мақсатында мешіт ауласында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге мешіттің әйелдер жамағаты аса құлшыныспен дайындалып, қала тұрғындарының назарына түрлі азық-түлік өнімдерінен жасалған тәтті тағамдармен қоса қолөнер бұйымдары, төсек-көрпелер, киім-кешектер сатылды. Саудадан түскен қаражат мешіт жанындағы қайырымдылық іс-шараларына жұмсалынбақ.

Шараға қатысушылар намаздан соң Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ның сүннетін аса құлшыныспен орындады. Ал келушілер өз кезегінде Алла үйінен дәм татып, сауапты істерге қуана атсалысты.

Мешіттің әдемі дәстүріне айналған аталмыш қайырымдылық жәрмеңкесі қаламыздың өзге де мешіттерінде жалғасын таба бермек.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру