ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына орай ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының ұйымдастыруымен кезекті қайырымдылық шарасы орын алды.
Мешіт қызметкерлері тарапынан көмекке зәру болған қала тұрғындарына: 10 балалы ананың бүлдіршіндеріне сыйлықтар үлестірілді. Сондай-ақ, жалғызбасты көп балалы анаға және III топ мүгедек жанның әрқайсысына 15 000 теңге көлемінде қаржылай, 20 отбасына 7-8 келі қой еті түрінде көмек көрсетілді.
Дана халқымыз «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деп бекерге айтпаса керек. Олай болса, ағайын, баршаңызды осы қайырымдылыққа зәру болған жандарға қол ұшын беруге шақырамыз.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.12.2014
3615
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру