Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазақстан жастары экстремизмге қарсы

23.12.2014 3285 0 пікір

Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында «Қазақстан жастары экстремизмге қарсы» атты форум өтті.  Облыстық деңгейдегі шараға «Қызылжар» орталық мешітінің найб имамы Азамат Сәрсенов қатысты. Ол ислам дінінің құндылықтары туралы әңгіме қозғады. Сондай ақ, Мемлекет басшысының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне берген сұхбатында айтылған келелі ойды да жастарға айтып өтті.

Елбасы: «Мен исламға терроризмді телуді еш қолдамаймын. Ал біздің ішімізде айтылатын әңгіме ислам негізінің дұрыс түсінігіне бағытталуы тиіс. Ол үшін сауатты уағыздар болуы керек. Мешіттер салынып жатыр, мешітке баратын адамдар да көп. «Бір адамды өлтірсең, адамзатты өлтіргенмен бірдейсің» деген Құранда сөз бар. Ал ендеше дінге телінетін қандай терроризм бұл? Сондықтан да, жалпы терроризм дегеннің өзін адамзатқа қарсы шыққан жау ретінде көруге тиіспіз, бұдан жастарымыз алыс болуы керек. Қазір қаражаты, жағдайы жоқ, жұмыссыз, ауру-сырқау адамдарға ақша беріп, кейбіреуінің отбасымен сол жаққа апарады, әйелдері қайтамын десе оларды жібермейді. Осы тұрғыдан халыққа, соның ішінде жастарға айтарым, олар осындай жаман пиғылдан, болашағы бұлыңғыр пиғылдан аулақ болуы керек», — деді. Еліміздің ертеңі жастарға бұл Ел басшысының ғана емес, жалпы мұсылман жамағатының аманаты, деп сөзін түйіндеді мешіт имамы.

Бұл игі шараға құқық қорғау органдарының, жастар ұйымдарының және жоғары оқу орындарының ұстаздары да қатысты.

СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру