Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам Құланда

23.12.2014 3075 0 пікір

Қасиетті жұма күні  ҚМДБның Жамбыл облысының өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажы Т.Рысқұлов ауданындағы «Сұлтан» орталық мешітінде болып, мешітке келген жамағатқа уағыз айтып, жұма намазын өткізді.

Мешіт жамағаты алдында уағыз айтқан өкіл имам: «Мұсылмандар, бауырлар, әуелі өз арамызда ауызбіршілікте болайық, жамағатымыз тыныш болсын. Барлық мақсат-мүддеміз бір бола тұра бөлінбейік. Сонда бізді сырттан келіп алатын жау жоқ!», – деді.

Ауданымызға келген өкіл имам Жұмабаев Данияр қажыға аудан жамағаты, ауыл ақсақалдары батасын беріп, ризашылықтарын білдірді.

ҚМДБның Жамбыл облысының өкілінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру