Облыстық қан орталығы мен облыстық мешіттің имам-молдалары бірлесіп қасиетті жұма күні «Жүректен жүрекке» атты донорлық акция өткізді.
Бүгінгі таңда, түрлі жағдайларға байланысты ауруханаларда қан тапшы екені белгілі. Осындай жағдайды ескере отырып, игі шараны қолдап, халық арасында насихаттау мақсатында облыстық орталық мешіттің имам-молдалары мен жамағаттары, барлығы 50-ге тарта адам қайырымдылық шара ретінде ақысыз қан тапсырды.
Қан тапсыру – шариғат үкімі бойынша Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннет амалы болып саналады. Сонымен бірге, денсаулыққа тигізер пайдасы да зор.
«Қасиетті Құранда, кімде-кім бір адамға өмір сыйласа, ол адам барлық адамға өмір сыйлағанмен тең екені айтылған. Сондықтан мен де осы шараға мұқтаж бір жанға пайдам тие ме деген ниетпен келдім. Бір адамға болса да көмегім тиіп, жақсылық жасай алсам, сауаптан болатын іс жасадым деп есептеймін», – деді облыстық орталық мешітінің наиб имамы Арман Томантаев.
ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.12.2014
3021
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру