Науан хазрет атындағы Көкшетау орталық мешітінде Ақмола облысының қала, аудан имамдарының жылдық есебін қорытындылаған басқосу болып өтті. Онда жыл бойы атқарылған іс шаралар ортаға салынып, алдағы жылы атқаратын жұмыстар кең талқыға түсті.
Басқосуда наиб имам Рахматулла Оразұлы өңіріміздегі діни ахуалы жайын айтты. Ақмола облысындағы діни уағыз және ағымдармен күрес мәселесі ерекше назарда ұсталып отырғанын атап өтті.
Ал, аудан және қала имамдары өздерінің жыл бойы істеген жұмыстарын көрсетіп, жоғарыдан берілген тапсырмаларды қалай орындағандарын өз есептеріне арқау етті. Жылдық есеп негізінен сауат ашу, діни уағыз және ағымдармен күрес жайында өрбіді.
Әрине, имам жергілікті жердегі діни тұлғалар болғандықтан оларға жүктелер жүк те жеңіл емес. Әсіресе, қазіргі қиын-қыстау кезеңде көп жұмыс істеуге тура келеді. Көкшетаудың іргесіндегі Красный-яр кентіндегі мешіт осы өңірдегі діни-рухани орталыққа айналғанын еш жасыруға болмайды. Мешіт имамы Науан Мүтәлұлының қолға алуымен көп тұшымды істер тындырылды. Ең бастысы, биылғы Дін мен дәстүр жылы шариғат пен ұлттық болмысымызға тән құндылықтарды жақсы қырынан көрсеткенін атап өткен жөн.
Қорғалжын ауданының имамы Ұлан Жұмақаев аудан орталығындағы білім ордаларында мешіт қызметкерімен дінтану сабақтарының өтіп жатқанын қуана жеткізді. Себебі, бүгінгідей дін мемлекеттен бөлінген деп, имамдарды оқу ошақтарына жолатпау оқиғалары көрініс беріп отырғанда бұл жақсылықтың нышаны екенін көреміз.
Сандықтау ауданында әр айда бір қара мал мен ұн өнімін аз қамтылған отбасыларға тарату қолға алынғаны да ізгіліктің бір көрінісі.
Жалпы, имамдар бұл жылды жақсы табыстармен қорытындылағалы отыр. Олар діни уағызды да жандандырып, қайырымдылықты да жақсарта түсті. Ең бастысы, алдағы жылы өз істеріне құлшына кірісетіндіктерін айтып, діннің беделін көтеруге өз үлестерін қосатындықтарын жеткізді.
Бақыт СМАҒҰЛ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.12.2014
3455
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру