Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сараптау комиссиясы Шымкенте

22.12.2014 3851 0 пікір

Шымкент қаласында орналасқан облыстық орталық мешіттің мәжіліс залында ауылдық мешіттерге дін мамандарын тағайындау үшін сараптау жұмыстары өткізілді.

Сараптауға ҚМДБ-ның Діни істер бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасы  Тұрдыбаев Камалжан Бекбосынұлы, кадр бөлімінің меңгерушісі  Бекмұратов Байұзақ Орынбасарұлы мен Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Шоқанов Сансызбай Құрбанұлы және өкіл имам Ахметжан қажы Керімбек арнайы қатысты.

Комиссияға құжат тапсырған азаматтардан жеке-жеке сұхбаттасып, олардың діни білімінің деңгейі анықтады. Емтихан кезінде құран, қырағат, тәжуид, ислам тарихы, ақида, араб тілі, әкімшілік жүйе т.б. мәселелер жөнінде сұрақтар қойылды. 

Жалпы, ҚМДБ-ның Сараптау комиссия жұмысының  қорытындысы бойынша 92 құжат қабылданып, сараланды. Олардың 4-уі  діни білімі мен көзқарасының дұрыс еместігіне байланысты емтиханнан өте алмады.

Сондай-ақ, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі орынбасары Сансызбай Құрбанұлы сынақтан өткен мешіт қызметкерлерін алдағы жаңа жылдан бастап 2 айлық ИБЖИ- оқу қажет екендіктерін атап өтті.

Жалпы, сараптау комиссиясының жұмысы жоғары деңгейде өткізілді. 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру